KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

«Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу» әдетінен арылу керек – Тоқаев

19.04.2023, 11:37 200 Оразай Жеңісұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде елге кәсіпкерлердің жаңа буыны керектігін айтты.

Бизнес өкілдері елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуы керек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 – Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдері айрықша рөл атқарады. «Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу» әдетінен арылу керек. Есесіне, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға ұмтылған жөн. Ірі кәсіпкерлер Қазақстанда тапқан табысын басқа жақта емес, өз еліміздегі бизнесін дамытуға жұмсағаны абзал. Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнес-элитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің қорғауы мен қолдауына ие болады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта елге тың күштер керектігін баса айтты.

– Сонымен қатар бізге «кәсіпкерлердің жаңа толқыны» керек. Мемлекеттің ресурсына арқа сүйемей, бойындағы дарыны мен іскерлігі арқылы тұрақты әрі мықты кәсіп құра білген «тың күштер» қажет, – деді Президент.

Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив