KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность Штиль
497.26 525.21 4.97

Өскеменде тағы бір экопункт ашылды

28.04.2023, 10:21 349 Оразай Жеңісұлы

«Таза қала» бағдарламасы аясында облыс орталығында қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын тағы бір пункт ашылды. Жаңа нысанның операторы «Өскемен-Тазалық» ЖШС деп аталатын қоқыс компаниясы.

Экопункт Буров көшесіндегі 49-үйдің жанында орналасқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Нысан сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді және мына шикізат түрлерін қабылдайды:

ПЭТ ыдысы (50 тг/кг);

алюминий банкалар (100 тг/кг);

макулатура (15 тг/кг);

картон (15 тг/кг).

Қала әкімдігі 2023 жылдың маусымына дейін қайта өңделетін шикізат қабылдайтын 10 пункт ашуды жоспарлап отыр. Өскемен әкімі Жақсылық Омар экопункттер желісі аса маңызды жобалардың бірі екенін атап өтті.

«Бұл халыққа қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетіне жаңа көзқараспен қарауға және қоқыстарды сұрыптауды әдетке айналдыруға көмектеседі. Сонымен қатар қала көшелеріндегі қоқыстар мен полигонға кететін қалдықтардың азаюына ықпал етеді», – деген еді қала басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу