Өскеменде тағы бір экопункт ашылды
Өскеменде «Таза қала» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатыр.
1 қаңтардағы мәлімет бойынша, автоматтандырылған сұрыптау желісі 148 тоннаға жуық қайталама шикізатты сұрыптауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бағдарламаның тағы бір маңызды құрамдас бөлігі – тұрғындардан қайталама шикізат қабылдайтын экопункттер желісін құру. Қаламызда мұндай екінші пункт өз жұмысын бастап отыр. Пункт автобекеттің артқы жағындағы таксиге арналған тұрақтың жанында орналасқан.
Осы жылдың шілде айына дейін қаланың әр түрлі аудандарында тағы сегіз пункт ашылады.
Оқи отырыңыз