Өскеменде экологиялық пункт ашылды
Өскеменде қайта өңделетін шикізатты қабылдайтын экопункт ашылды.
Нысан Якутская көшесінде Дос-Нар базарына жақын маңда орналасқан, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Қала тұрғындары мұнда қағаз бен картонды, пластик және алюминий банкаларды сұрыптап әкелуге тиіс. Қалдықтарды өткізіп, азнаулақ қаражат табуға мүмкіндік бар. Әрі әрбір азамат экологияның тазаруына елеулі үлес қосқан болар еді.
Сұрпына қарай қалдықтардың бағалары да әртүрлі:
Экопунктіде электронды таразылар мен контейнерлер бар. Қызмет көрсетуші – «ӨскеменСпецКоммунТранс» компаниясы. Сұрыпталған қалдықтар қайта өңдеу кәсіпорындары бар қалаларға жөнелтіледі.
«Қалада тағы осындай 10 экологиялық пункт салу жоспарда бар. Мұны екі қоқыс шығаратын компания жүзеге асырады. Жалпы мұндай пункттердің ашылуы – «Таза қала» бағдарламасының кезеңдерінің бірі, – дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.