Өскеменде екінші экопункт ашылды
Бүгін облыс орталығында екінші экопункт ашылды. "Таза қала" бағдарлама аясында ашылған экопункт Абай даңғылындағы автовокзал ауданында орналасқан.
Қалада ағымдағы жылы тағы 8 экопункт ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Қалада жалпы 10 экопунт ашу жоспарланған. Қазір 2 пункт жұмыс істеп тұр. Қалған 8-і шілде айына дейін ашылады. Бұл қоқыстар мен полигонға кететін қалдықтар көлемін азайтуға ықпал етеді, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Абай даңғылындағы Экопункт 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді және алюминий банкалар, макулатура ммен картондарды қабылдайды.
Оқи отырыңыз