KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

Орталық Азия халықаралық аренада ықпалды аймаққа айналып келеді – Тоқаев

Сурет: Ақорда

20.06.2023, 20:10 322 Оразай Жеңісұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерімен белсенді ынтымақтастығын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Еуропалық Одақ – Қазақстан үшін аса маңызды әрі еліміздің ең ірі сауда серіктесі. Біз өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін еуропалық институттармен тұрақты жұмыс істейміз. Қазақстан – "Орталық Азия + ЕО" форматының белсенді серіктесі.

Осы форматтағы соңғы кездесуіміз Қырғызстанда өтті. Жуырда өзара ынтымақтастығымызға, сондай-ақ геосаяси жағдайға қатысты өзекті мәселелерді талқыладық.

Орталық Азия халықаралық аренада ықпалды аймаққа айналып келеді", – деді Қ.Тоқаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу