KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қырғызстанға барды

фото: akorda.kz.

2.06.2023, 13:00 257

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен келді.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мемлекет басшысын әуежайда Министрлер кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов қатысады деп жоспарланып отыр.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив