ШҚО-да жыл басынан бері жол апатынан 4 бала көз жұмған
Фото: egemen.kz
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары айтарлықтай азайған. Алайда, жол апатынан көз жұмғандар санының артқаны байқалады.
Ағымдағы жылы ШҚО-да балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы болған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9% - ға аз, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялары қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әділжан Хамитов айтып берді.
Жол-көлік оқиғаларының саны жыл санап азайғанымен, жол апатынан көз жұмған балалар санында өзгеріс жоқ.