KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан астам адам жол апатынан қаза тапқан

15.11.2019, 08:59 158

Қазақстанда жыл басынан тамыз айына дейін мыңнан астам адам жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Елімізде жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Мәселен қаңтар-тамыз аралығында 1,3 мың адам жол апатынан көз жұмған. Оның 146-сы кәмлет жасқа толмағандар. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық қызметі мәлімдеді.

Сарапшылардың айтуынша, қаңтар-тамыз аралығындағы жол-көлік оқиғаларының саны 10,1 мың. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,6 пайызға жоғары. Жол апаты кезінде жарақат алғандардың саны 13,4 болса, оның 2,6 мыңы балалар.

Осыған байланысты жуықта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас бола тұра, көлік рульіне отырған жүргізушілерді түрмеге қамауға байланысты түзетулер енгізуді тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив