KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
439.4 473.54 4.76

ШҚО-да жыл басынан бері 23 бала жол апатынан зардап шекті

Ашық дереккөздерден алынған сурет

17.05.2023, 21:39 415 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да ағымдағы жылы жол апатынан 23 бала зардап шеккен.

Жол апатының барлығына көлік жүргізушілері себеп болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 "Тәртіп сақшылары жолда балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін түрлі шараларды қолға алуда. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін полицейлер «Жаз 2023: Біз қауіпсіз өмір үшін!» атты акция өткізді", дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш акция барысында адам көп жүретін жерлерде балалар мен ата-аналарға жадынамалар таратылды.

Айта кету керек, өңірде жыл басталғаннан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен 21 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 23 бала зардап шеккенін

естеріңізге сала кетейік. Бұған дейін облыс бойынша «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив