Ұлттық мерекеге орай қанша демалыс күні беріледі?
25 қазанда Республика күні мерекеленеді. Ұлттық мерекеге орай қанша демалыс күні беріледі? Аltaynews тілшісі хабарлайды.
Республика күні сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні ел тұрғындары демалады. Яғни жұмыс күні демалыс күндеріне ауыстырылмайды. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар бір күн (25 қазан) демалады, кейін екі жұмыс күні (26, 27 қазан), содан кейін демалыс (28, 29 қазан) күтеді. Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 25 және 29 қазан болады.
Естеріңізге сала кетейік, Республика күні алғаш рет 1995 жылдың қазан айында Ұлттық мереке болып жарияланды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің №307-XII қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Республика күні 2009 жылы жойылған, алайда өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұл датаға ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.