KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 2 м/с, В
516.77 542.87 5.33

Зейнеткердің қаражатын қымқырған күдікті ұсталды – ШҚО

фото: ratel.kz

1.12.2023, 11:20 182 Оразай Жеңісұлы

Жиырма бестегі жігіт 63 жастағы зейнеткердің қаражатын қымқырып қалған. Оқиға Алтай қаласында болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Полиция деректеріне сүйенсек, егде жастағы адам танысына өтініш жасап, банкоматтан екі ай бойы зейнетақысын алғызып жүрген. Кейінірек, зейнеткер өз телефонына банк қосымшасын орнатқан кезде, зейнетақысының бір бөлігі – жүз мың теңгесі қолды болғанын байқаған.

«Күдікті кінәні мойындады. Қылмыстық кодекстің 189-бабының 1-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу