Өскеменде көшедегі адамды балғамен ұрған бұзақы ұсталды

Өскеменде бұзақы көшеде кетіп бара жатқан адамды балғамен ұрып жіберді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Күдікті ретінде 32 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды.
Полиция басқармасының мәлімдеуінше, оқиға 19 қазан күні болған. Шағымданушы – 41 жастағы қала тұрғыны.
– Тұрғын Новаторов көшесіндегі дүкеннің жанында болған. Сол кезде бейтаныс адам оны балғамен ұрып, денесін жарақаттаған. Күдікті ұсталды, өз кінәсін толық мойындады, – деп мәлімдеді Полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
Осы іске қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз