KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Өскемендегі кезекші халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы ауысты

Фото:«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы

27.12.2023, 10:55 138 Анель Слямғазықызы

3 қаңтардан кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы Қ.Сәтбаев даңғылы, 34/2 мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдайтын болады.

 

Бұған дейін Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайындағы халыққа қызмет көрсету орталығы кезекші болған , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

«Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін (түскі үзіліссіз), сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз.» Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.



Арнайы қызмет көрсету орталығы Абай даңғылы, 203/2 мекенжайында орналасқан. Мекеме дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліссіз), сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив