Өскемен қаласындағы кезекші ХҚО-ның мекенжайы өзгерді
![](/kz/uploads/posts/2023-09/1974ea306149b1dcba01bcfc77046d4e5d7a931f.webp)
Фото: pavon.kz
2 қазаннан бастап ХҚО Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайы бойынша сенбі күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұған дейін сенбі күндері азаматтарды Белинский, 37А мекенжай бойынша қабылдау жүргізілетін. Енді бұл орталық жұмыс күндері ғана азаматтарды қабылдайтын болады. Ал, сенбі күні мемлекеттік қызметтерді Қазақстан, 99/1 көшесінде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, кезекшілік кестесіне сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
Айта кетейік, әдеттегі кесте бойынша ХҚО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.