KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Шығыс Қазақстандағы ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

фото: civilcenteralmaty.kz

14.12.2023, 18:30 163 Оразай Жеңісұлы

Тәуелсіздік мерекесінде халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтіні  белгілі болды.

ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 16 желтоқсанда демалады, деп хабарлайды  Altaynews.kz тілшісі «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тәуелсіздік мерекесіне орай мемлекеттік корпорациялар сенбі, яғни 16 желтоқсанда жұмыс істемейді. Дүйсенбі, 18 желтоқсанда, сағат 13.00-ге дейін тек кезекші қызмет көрсету орталықтары мен арнайы қызмет көрсету орталықтары азаматтарды қабылдайды», – делінген хабарламада.

Сейсенбі, яғни 19 желтоқсаннан бастап мемлекеттік корпорация әдеттегідей жұмыс істейді. «Азаматтарға арналған үкімет» орталықтары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайтынын еске салды.

Кезекшілік қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив