Өскемендегі бұрынғы драмтеатр ғимаратында оперетта театры ашылуы мүмкін
сурет: wikipedia.org
Облыс орталығындағы Тоқтаров көшесі, 47 орналасқан бұрынғы драмтеатр ғимаратында биыл оперетта театры ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының сайтында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шеңберінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы «Шығыс Қазақстан оперетта театрын» құру мүмкіндігі қарастырылып жатқаны жазылған.
– Қазір ғимараттың сахнасын операға лайықтап жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Театр 170 орынға арналады. Мәдениет ошағына жұмысқа 100 адам тарту көзделіп отыр. Труппа мәдениет ұйымдары мен оқу орындарында жұмыс істейтін жергілікті шығамашылық қайраткерлерінен құралатын болады, сырттан кісі шақырылмайды, – деді облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Қасенов.
Оқи отырыңыз