Петропавл әкімі тұрғындарды шұғыл эвакуацияға шақырды
Фото: ТЖД
Петропавлдағы Заречный кенті тасыған Есіл суы басатын қауіпті аумақта тұр. Бірнеше күнде облыс орталығына тасқын су келеді деп күтілуде. Сондықтан қала әкімі тұрғындарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Петропавл қаласы әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, Петропавлда Есіл өзені таситыны анық. Заречный кенті ерекше қауіпті аймақта тұр. 2017 жылы болған ауқымды су тасқыны кезінде 224 үйдің 132-сі және жүздеген саяжай су астында қалды. Сол жылы Сергеев су қоймасының тасыған суы 338 см көтерілді. Ал қазір ернеуінен асып төгілу биіктігі 425 см-ге жеткен, яғни Петропавлға мол су келе жатыр.
Біз одан да жоғары тұрғыза алмаймыз, жанында көл бар. Заречный өзеннің жайылмасында орналасқан және бүкіл кентті қоршап бөгет салуға мүмкіндік жоқ. Яғни, су – елді мекенге кіреді. Есіл өзенінің ең төменгі жерінде саяжай учаскелері орналасқан. Сондықтан міндетті түрде қауіпсіз жерге көшу керек!
Мен саяжайларда тұрақты тұратын тұрғындар бар екенін білемін. Қызметтер кешеден бастап эвакуациялауды бастады. Бірақ кейбір тұрғындар саяжайлар мен тұрғын үйлерді қалдырғысы келмейді. Әрине, жылдар бойы жинаған дүние-мүлікті қалдыру қиын екенін түсінемін. Бірақ қазір сіздің өміріңізге қауіп төніп тұр! Қызметтердің талабын ескеріңіз. Судың есікке дейін жетуін күтпеңіз. Қазір әрекет ету керек!
Мен тұрғындардың наразылығын және сіздің пікірлеріңізді оқып, көріп жатырмын. Бірақ біз табиғи апатты тоқтата алмаймыз. Тағы да қайталаймын, бірде-бір тұрғын мен оның мүлкі назардан тыс қалмайды! Мен қала әкімі ретінде қолымнан келгеннің бәрін жасаймын!» - деді Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев.