Үлбі көтерілгенде әбігерге түсіруі мүмкін – Жақсылық Омар
Өскемен аумағында қарғын судың алдын алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Шаһар басшысы Жақсылық Омар Үлбі өзенінің бойындағы тасқынға қарсы шараларды тексеріп қайтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ертіс пен Үлбі өзенінің суы көтерілгенде су басуы мүмкін бірнеше жер бар. Соның бірі - Бабкина мельница шағын ауданында орналасқан көпір маңы. Қазір мұнда өзен жиегіне тас төгіліп, жағалауы биіктетілген. Қала тынысын барлауға шыққан әкім тасқынға қарсы дайындықты тексеріп, қауіпті аймақтарды аралап қайтты.
Қала маңындағы өзен жиегінде тасқынға қарсы ұзындығы жарты километр болатын, биіктігі бес метрден асатын сегіз бөгет салынған. Жағалауы көтерілген жерлердің барлығы - су басуы мүмкін деген қауіпті аймақтар.