Өскемендіктер базарда ет бағасының көтеріліп кеткенін айтып шағымданып жатыр
Өскемен тұрғындары «Заречный» базарында еттің келісі 2800 теңгеден сатылып жатқанын айтып, шығымдануда. Бұл мәселеге қатысты облыстық ауылшаруашылық басқармасы жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Шығыс өңірінде мал басы көп. Ай сайын 106 тонна мал еті өткізіледі. Тұрғындар сұранысын 141 пайызға жауып отырмыз.
Сондықтан облыста ет тапшылығы болып, бағаның өсуі мүмкін емес. «Заречный» базарында неліктен мұндай жағдай болып жатқанын анықтаймыз, – деді Ержан Нұрбаев.
Оқи отырыңыз