KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Шемонаихаға облыстың бас онкологы барады

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы

21.04.2024, 20:00 51 Назерке Каримова

Онкологиялық қызметтің мониторингі мен бағалау тобы Шемонаиха ауданына барып, тұрғындарды қабылдайды, деп хабарлайды Altainews.kz  сайтының тілшісі.

23 сәуірде Шемонаиха ауданына ШҚО ДСБ штаттан тыс бас онкологы Гульмира Сагидуллина мен ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары бар онкологиялық қызметтің мониторингі мен бағалау тобы келеді.

- Сапар барысында онкологтар тексеру кабинеттерінің жұмысын, онкоскринингтерді жүргізуді, «Жасыл дәлізді» іске асыруды талдайды, сондай-ақ ауданда онкологиялық қызметтің тиімділігін жақсарту бойынша бағалау мен ұсынымдар береді, - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы. - Сондай-ақ, онкологиялық орталықтың мамандары пациенттерді қабылдайды, онкологиялық сақтық және қатерлі ісіктердің алдын алу мәселелері бойынша қажетті кеңес береді.


Қабылдау Шемонаиха ауданының орталық аудандық ауруханасында - Шемонаиха қаласы, Повстанческая көшесі, 87 мекенжайы бойынша өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив