ШҚО-да дәрігерлер 600 мың теңге жалақы алады – вице-министр
Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті.
Жиын барысында өңірдің денсаулық сақтау саласында медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, дәрі-дәрмекпен қамту, онкологиялық аурулардың алдын алу, ана мен баланы қорғау, мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері қозғалды.
Вице-министр денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту мәселесі бойынша өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
«Президент елдегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту, медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек сапасын арттыру, олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді. Шығыс өңірінде бұл жұмыстар жоғары деңгейде атқарылып жатыр»,—деді ол.
Вячеслав Дудник ШҚО дәрігерлерінің салыстырмалы түрде жоғары жалақы алатынын атап өтті.
«Қазір дәрігерлердің орташа жалақысы республика бойынша 580 мың теңге болса, Шығыс Қазақстанда 600 мың теңгеден жоғары»,- деді вице-министр.