KZ
Өскемен
-7°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Медицина университеттерінің оқытушылары арасында аттестаттау өткізіледі

Фото: med.mcfr.kz

16.05.2024, 11:48 95 Айжанат Бақытқызы

Оқытушылардың соңғы тәуелсіз аттестациясы 2017 жылы өткізілген. Енді биыл 7 жылда алғашқы рет медицина университеттерінің оқытушылары арасында аттестаттау өткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, биыл студенттер мен резиденттер арасында аралық тәуелсіз емтихан, сондай-ақ барлық медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын аттестаттаудан өткізеді.

Ведомство алқасының отырысы барысында кадрларды даярлау сапасын жақсарту және оқытушылардың құзыреттілік деңгейін арттыру үшін ағымдағы жағдайды талдау жүргізу қажет екендігі атап өтілді.

Тәуелсіз бағалау нәтижелері медициналық жоғары оқу орындарында білім беру процесін жақсартуға бағытталған  стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу үшін, сондай-ақ медициналық білім беру мен ғылыми қызметті дамытудың басым бағыттарын айқындау үшін пайдаланылатын болады.

Студенттер мен резиденттердің білімін тәуелсіз бағалау, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамын аттестаттау ең алдымен медициналық білім беру сапасын арттыруға және отандық денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрлар даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу