ЖОО оқытушыларының еңбекақысы өседі
2020 жылдың бас кезінде жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың еңбекақысы өсетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқытушылардың айлығы оқу орындарының өз қаражатының есебінен өсірілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
Министрдің айтуынша, педагогтардың жалақасы 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30-50 пайызға артады.
Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру мен педагогтарға қолдау көрсету бойынша бірқатар міндеттер жүктеген еді. Осы орайда, министрлік талапынан ведомствоға бағанышты мемлекеттік жоо-лардың ректорларына қойылған алғашқы міндет – оқытушылардың еңбекақысы 30-50 пайызға өсіру болып отыр. Орындау уақыты – 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін.
- Біз жоғары оқу орындарының бюджеттеріне талдау жүргіздік. Ол еңбекақы төлеу қорын ұлғайту үшін резервтердің бар екендігін көрсетті. Бүгінде бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары 60-70 мың теңге көлемінде жалақы алатын жағдай қалыптасқан. Мұндай саясатпен сапаны талап ету мүмкін емес. ЕҰУ, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті сияқты жоғары оқу орындары жалақыны қазірдің өзінде көтеруді бастады. Қалған мемлекеттік ЖОО менің тапсырмамды міндетті түрде орындаулары тиіс, - дейді Білім және ғылым министрі.
Сонымен қатар, ректорлардың алдына біздің ЖОО-да жұмыс істейтін академиктерді арнайы қосымша ақылар белгілеу арқылы қолдау міндеті қойылды.