Қазақстан қоржыны Париж Олимпиадасының кезекті жолдамасымен толықты
ҚР Туризм және спорт министрлігі
Нора Джеруто алғашқы сайысында Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Жеңіл атлетикадан АҚШ-та өткен «USATF Los Angeles Grand Prix» жарысында 1 жылдан астам уақыттан кейін үлкен спортқа оралған Әлем чемпионы Нора Джеруто қола жүлдеге ие болды.
Бұған дейін ол 2023 жылы ақпан айында жабық кешендегі Азия чемпионатында (9:29.27) бақ сынаған болатын.
3 000 метрге кедергімен жүгіруден канадалық Сейли Маккейб алтынға ие болып, Канаданың рекордын жаңартты (9:20.58). 2-орынға АҚШ спортшысы Мэдисон Бореман (9:21.98), 3-орынға қазақстандық Нора Джеруто (9:22.45) жайғасты.