KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3,6 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Олимпиадада бокстан тағы бір жүлде бұйырып тұр

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

3.08.2024, 20:10 121 Назерке Каримова

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

50 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы колумбиялық Ингрит Валенсияны жеңді.

Енді Назым финалға берілер жолдаманы сарапқа салады. Келесі сайыста қытай сплртшысымен кездеседі.

Айта кетейік, Назым Парижде алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Осыған дейін 2 рет Азия чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған. Ал Ингрит Лорена - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Осымен 3-рет Олимпиадаға қатысып тұр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында Мурад Аллахвердиевті (Әзірбайжан) тізе бүктіріп, келесі кезеңге шыққан болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив