Назым Қызайбай лицензиялық турнирді сәтті бастады
![](/kz/uploads/posts/2024-05/photo1716650155.webp)
instagram.com/sport_comiteti
Бангкокта бокстан Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары үлестіріліп жатыр.
Әлемдік іріктеу кезеңінде 50 келі салмақтағы Назым Қызайбай бірінші кездесуінде сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Спорт комитеті ақпаратына сүйеніп.
- 1/32 финалда тәжірибелі Назым Словакия өкілі Николь Дуриковадан айласын асырды. Екінші раундтағы екі нокдауннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, Назымның қолын көтерді, - деп хабарлады ведомство. - Бұл жерлесіміздің Париж Олимпиадасының жолдамасына таласып жатқан екінші мүмкіндігі. Бұған дейін ол 2023 жылы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында бір ғана қадам қалған сәтте сүрінген еді.
Айта кетейік, 2 маусымға дейін жалғасатын бәсекеде 5 аруымыз Париж Олимпиадасының жолдамасына таласады.
- Бұл әлі қуанатын жағдай емес. Алда бірнеше жекпе-жек бар. Бірінші кездесу болғандықтан алғашқы раундта қарсыласты зерттеп, күшті екінші раундқа салдым, - деді Назым Қызайбай.
Оқи отырыңыз