KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Қазақстандық төрт боксшы жеңіске жетті

Бокс федерациясы

9.03.2024, 12:00 99 Назерке Каримова

Италияның Бусто-Арсицио қаласында Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатыр.

Турнирде шаршы алаңға шыққан боксшыларымыздың барлығы жеңіске жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеше соңғы болып рингке көтерілген жерлесіміз Махмұд Сабырхан Италиядағы доданың 1/8 финалына шықты.

Ол 1/16 финалында (57 кг) Таиланд боксшысы Саравут Суктхетті 3:2 (29:28, 29:28, 29:28, 28:29, 28:29) есебімен жеңді.

Бұған дейін Алуа Балқыбекова, Наталья Богданова да қарсыластарынан басым түссе, ерлер арасында Нұрбек Оралбай 1/16 финалда Того мемлекетінің спортшысы Прева Падабадиді 5:0 есебімен жеңіске жетті,

Осылайша кеше шаршы алаңға шыққан төрт боксшымыздың төртеуі де жеңіске жетіп, келесі айналымдарға жол алды.

Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан турнир 3 наурызда басталған болатын. Жарыс 12 наурыз күні мәресіне жетеді. Аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынуда. Қазақстан құрамасынан ерлерден 6, әйелдерден 5 боксшы жолдамаға таласып жатыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив