Мешіттегі жарылыста үш адам қаза тапты
ҚР ТЖМ
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында газ баллоны жарылып, салдарынан үш адам қаза болып, тағы 16 адам зардап шекті, деп хабарлай Altainews.kz тілшісі.
Төтенше жағдай ауылдағы бұрынғы мешітте ас беру кезінде болған.
- Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар алты газ баллонын алып шықты, барлығы жеті газ баллоны болған. Жарылыстан 1978 жылы туған ер адам қайтыс болды. Сонымен қоса құтқарушылар үйінділердің астынан 1983 жылы туған әйел мен 2012 жылы туған жеткіншектің денесін тапты. Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккен 16 адамды Астана қаласының қалалық ауруханасына жеткізді, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Қазір газ жарылысы болған жерде жеке құрамның 30-ға жуық маманы және 5 ТЖМ техникасы, сондай-ақ жедел құтқару жасағы, апаттар медицинасы орталығы, психологтар мен Астана қаласының кинологиялық қызметі жұмыс істеп жатыр.
Оқи отырыңыз