Құтқарушылар өрт шыққан пәтерден 2 газ баллонын алып шықты - Өскемен
Облыс орталығындағы Адольф Янушкевич көшесінде екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатта орналасқан пәтерде өрт шықты.
Тілсіз жау газ баллонын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан шыққан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қызыл жалын ас үй мен залдың жиһаздары мен тұрмыстық техникасын шарпыған.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтерден 2 газ баллоны алып шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтерден 2 газ баллоны алып шыққан.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 6 бірлік техника мен жеке құрамның 21 адамы жұмылдырылып, 20 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.
1961 жылы туған пәтер иесіне Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті. Медициналық мекемеде қайта тексергеннен кейін ол үйіне жіберілген.
Өрттің алдын ала себебі-газ баллонын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.