Моншадағы жарылыстың салдарынан бір адам қайтыс болды — Зайсан ауданы
Нақтыланған мәліметтер бойынша, жылыту қазандығының жарылуының салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті.
2023 жылғы 14 қазанда Зайсан қаласындағы бір қабатты қоғамдық монша ғимаратында жылыту қазандығы жарылды. Жарылыс кезінде моншада келушілер болмаған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, бір адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол – нысанның иесі.
Барлық жедел қызметтер дереу іске қосылды. Жедел жәрдем қызметкерлері 1984 және 1991 жылы туған екі ер адамды медициналық мекемеге жеткізді.
Жағдайды оқиға орнына аттанып кеткен облыс әкімі Ермек Көшербаев бақылауға алды.
Қазір ШҚО ТЖД қызметкерлері жартылай құлаған ғимаратты аршып жатыр.