Перизат Қайрат Палестинаға көммекке жиналған қаржыға да қол сұққан деген күдік бар
pexels
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайраттың заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. Ал 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды, – делінген ақпаратта.
Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.
Тергеу жалғасуда.
Оқи отырыңыз
Өскемендік кәсіпкер ескі киімдерді жаңа үлгіде тігедіШҚО түрмесінде жатқан Қайрат Сатыбалдыдан 55 млрд теңге қаражат қайтарылдыҚымбат Мерседес сатып алған ШҚО тұрғынының басы бәлеге қалдыШҚО-да тағы бір басшы қаржы жымқырды деген күдікке іліндіШығысқазақстандықтар қаржы пирамидасына 350 миллион теңгеден астам қаражат салған