KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Шығысқазақстандықтар қаржы пирамидасына 350 миллион теңгеден астам қаражат салған

Фото: egemen.kz

9.10.2023, 18:03 264

"Chia Tai – Tianqing Pharmaceutical" қаржы пирамидасына шығысқазақстандық 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған.

Қазіргі таңда, Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті "Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical" қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталған қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың сәуір айына дейін "Telegram" мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания атанып, салымшылардан заңсыз ақша алған. 

- Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен "Қамақта ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды, – делінген хабарламада. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу