KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Өскемендік кәсіпкер ескі киімдерді жаңа үлгіде тігеді

19.12.2023, 13:37 190 ALTAINEWS

Өскемендік жас кәсіпкер «Coca-Cola» белестері» конкурсының грантын жеңіп алды.

 

Өскемендік жас кәсіпкер Перизат Рахатқызы өз кәсібін ашып, жаңа жобасы 2 мың АҚШ долларын құрайтын конкурс грантын жеңіп алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.           

 

Конкурс нәтижесінде 581 үміткердің ішінен 20 адам жеңімпаз атанған.

 

Оқушы кезінен іс тігуге жақын болған Перизат Рахатқызы Семейдегі сервис колледжін тігін өндірісінің технологиясы және киімді модельдеу мамандығы бойынша тәмамдап, алғашқы еңбек жолын дизайнерлік ательеден бастаған.

 

Отбасымен Семей шаһарынан Өскеменге көшіп келген соң «Бастау бизнес» мемлекеттік жобасы бойынша оқып, 550 мың теңгенің грантын алған. Кейін «Авангард» кәсіпкерлік мектебінен де дәріс алады. «Балық берме, қармақ бер» демекші, бүгінде екі баланың анасы болып отырған Перизат Рахатқызы әжесі мен анасынан үйренген қолөнерін дамытып, өзінің тігін шеберханасын ашты.

 

Грант алған жобасы – апсайклинг, яғни ескі киімдерді жаңа үлгіде тігу. Кәсіпкер алдымен базалық киім тігіп, оларды ұлттық нақышқа сай оюлармен безендіріп, күнделікті өмірде киетін киімдерге айналдырады. Айтуынша, тапсырыс берушілер тарапынан сұраныс жоғары.

 

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив