KZ
Өскемен
-13°
туман жел 2 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да тағы бір басшы қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

18.10.2019, 05:33 222

ШҚО-дағы «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының директоры қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша, ШҚО-да «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының директоры мен мұражайдың басқа да қызметкерлеріне қатысты іс қозғалып,  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Олар үлестес жеке кәсіпкерлермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу арқылы 10 миллион теңге мөлшерінде бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі де жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу