KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қымбат Мерседес сатып алған ШҚО тұрғынының басы бәлеге қалды

9.04.2019, 05:01 288

ШҚО тұрғыны сатып алған көлігінің құжаттары жалған екенін бір жылдан кейін бірақ білді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полиция лейтенанттары Ернат Қалиев пен Сұлтан Баяшев «Mercedes-Benz S600» маркалы автокөлігін тоқтатып, жүргізушіден құжаттарын сұраған. Тексеру барысында көлік құжаттарының жалған екенін анықтапты тәртіп сақшылары.
Белгілі болғандай, жүргізуші көлікті 2018 жылдың қыркүйек айында бұрын сотталған 41 жастағы Өскемен тұрғынынан сатып алған екен. Ал ол кезінде мерседесті Ресейден алыпты.

– 41 жастағы Өскемен тұрғыны 2018 жылдың қыркүйек айында көліктің техникалық байқауын қолдан жасап, қазіргі иесіне сатқан. Аталмыш факті бойынша полиция ҚР ҚК 386 бабы 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу