KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
442.05 474.14 4.74

Өскеменде Конституция күніне орай мерекелік концерт өтті

30.08.2022, 13:46 177

Бүгін – Ата Заңымыздың қабылданғанына 27 жыл. 1995 жылы 30 тамыз күні елімізде жалпыұлттық референдум өтіп, онда жаңа Конституцияның жобасы мақұлданған болатын. Айтулы мерекені бүгін өскемендік тұрғындар да жоғары дәрежеде атап өтті. 

Айта кету керек, бүгін Өскемен қаласында екі бірдей мереке тойлануда. Бірі Конституция күні болса, екіншісі қала күні.

  • - Заңы үстем елдің заманы қашанда тыныш болмақ. Сіздерге бейбіт өмір, тұрақты даму, баршаларыңызға бақыт пен береке тілеймін! Өскемен қаласының тұрғындары 5-маусым күні өткен жалпыхалықтық референдумда береке-бірліктерін көрсетіп, бір үйдің баласындай келіп дауыс берді. Осылайша қаламыз республика бойынша референдумға белсене қатысқан қалалардың алдыңғы легінен көріне білді. Сол үшін сіздерге ерекше алғысымды білдіргім келеді, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Орталық алаңға жиналған қалың қауым жергілікті өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен қатар қала күніне арналған көрмелерді тамашалады. Алаңда тігілген киіз үйде “Қаланың көрнекті тұлғалары”, “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” және “Өскемен қаласының тарихы мен жетістіктері” атты көрмелер қойылған.

Сондай-ақ шаhар басшысы бүгін күні бойы бірқатар шаралар жоспарланғанын айтып, қала тұрғындары мен қонақтарын белсене қатысып, көңіл көтеруге шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив