Семейде Абайдың ұлдарымен тұрған ескерткіші ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің ашылу салтанатында сөз сөйледі, деп хабарлайды Президенттің сөзін баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.
Президент Абай аманатына адал болуымыз керек» екенін атап өтті.
«Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесінің берік орнығуы осыған байланысты. Ол үшін бүгінгі буын Абай мұрасынан нәр алып, рухани кемелденуі қажет. Мына еңселі ескерткіш жас ұрпаққа тағылымды ой салуға тиіс. Абай және оның сөзі мен ісін жалғаған парасатты перзенттері Ақылбай мен Турағұл – елге үлгі болған тұлғалар Мұнда ұрпақ сабақтастығы, әке мен баланың сыйластығы бейнеленген. Бұл – Құнанбай қажы әулетінің тектілігін танытатын туынды. Абай шаңырағының тағылымы – ұлт ұлағатының көрінісі. Жалпы, тәлім-тәрбие ұлт сапасын қалыптастыратын басты фактордың бірі болуы керек! – деді Президент ескерткіштің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.
Абайдың әдеби-мемориалды мұражайдың орталығында "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткіші орналастырылған.
Авторлар тек портреттік ұқсастықты бейнелеп қоймай, сонымен қатар, ұлдарының ұлы әкесіне махаббат және мақтаныш сезімімен қараған ойын бейнелеген.
Ескерткіш аналогы жоқ, бірінші рет Абай өзін қоршаған ең жақындары - ұлдарымен бірге бейнеленген. Мүсінші ұлы ойшылды өз отбасын сүйетін адам ретінде, ал оның балалары бейнесінде бүкіл қазақ халқын көрсеткен.