KZ
Өскемен
-1°
снег жел 8 м/с, ОБ
512.81 604.19 6.57

Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге келді

15.10.2020, 07:07 3 623

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.  

Сапар барысында Президент «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың «Жиделі-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді.

Сонымен қатар «Қарағайлы» ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады.

Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу