KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда төтенше жағдай режимі қайтадан енгізілуі мүмкін бе?

14.10.2020, 11:31 104

Қатаң карантиндік шараларды енгізбейміз деген үміттемін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Осындай шешім қабылдау қажет болса, тиісті қадамдар жасалатыны анық. Дегенмен, қазір Қазақстанда қалыптасқан тұрақтылықты тиісті қызметтердің жұмысы арқасында сақтап қаламыз деп үміттенеміз. Сонымен қатар, әр азамат маска тағып, арақашықтықты сақтап, бұқаралық шараларды ұйымдастырмай халықты қорғау бағытындағы шараларға атсалысады деп ойлаймыз. Бұл талаптарды орындасақ, карантинсіз әрі шектеу шараларынсыз індетті еңсереміз деген сенім бар», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан бірнеше елмен арадағы әуе рейстерін қысқартпақ. Соңғы үш аптада елордада карантин талабы жиі бұзылған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу