KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда төтенше жағдай енгізіле ме? Цой жауап берді

2.05.2021, 09:12 238

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда төтенше жағдай режимі қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта төтенше жағдай режимін енгізу қаралып жатқан жоқ. Бірақ заңнамаға сәйкес бұл ережені Мемлекет басшысы енгізіп, мемлекеттік комиссия қабылдайды", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, негізгі шарт бойынша елде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлап, төсек-орын жүктемесі 70 пайыздан асқанда ТЖ режимі енгізіледі.

"Осылайша денсаулық сақтау жүйесіне үлкен жүктеме түскен кезде қатаң шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданады", - деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу