KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
497.88 518.59 5.44

ШҚО-да бір күнде 6 қылмыскер ұсталды

14.10.2020, 08:36 142

Шығыс Қазақстан облысында бір күнде алты қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Құқықтық тәртіп сақшылары аймақ көлемінде «Қаңғыбас» жедел алдын алу шарасын жүргізуде. Яғни мамандар тұрғылықты мекенжайы және  құжаттары жоқ адамдарды тексереді. Мәселен кеше 90-нан астам азаматты ұстап, деректер базасы бойынша тексеріп, фото-және дактилоскопиялық есепке қойды.

Осы ретте іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталғанын айта кетуіміз керек. Олар негізінен ұсақ ұрлық жасап, ұзақ уақыт бой тасалап жүрген күдіктілер. Ал өткен жылы тамыз айында біреудің көлігін заңсыз мініп кеткені үшін айыпталған 21 жастағы азамат  Ресейдің Новосибирск қаласында Толмачево әуежайында жүрген жерінде қолға түсті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу