KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 7 және 15 жастағы екі қызға иіс тиіп, көз жұмды

9.10.2020, 12:33 231

Глубокое ауданында иіс тиген екі бала көз жұмды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға Секисовка ауылында болған.

2005 және 2013 жылғы екі қыз әпкесінің үйінде болған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты сол үйде қонған олар пеш жағып, жатар кезде түтіндіктің жапқышын ашуды ұмытып кеткен.

«Таңертең аналары қыздарын ес-түссіз күйде тауып, бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер балаларды тексергенде екеуінің мерт болғанына көз жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Мамандар болған жағдайдың себебі – пеш түтіндігі жапқышының жабылып қалуынан деген нұсқаны қарастыруда.


Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу