KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, С
505.17 599.54 6.59

Шымкентте екі жасөспірімнен 70 пакет психотроптық зат табылды

27.01.2026, 09:06 49 Базарова Айгүл

Шымкент қаласында полиция есірткі заттарын заңсыз сату фактісі бойынша екі жасөспірімді ұстады. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалған, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, күдіктілерден 70 пакет психотроптық зат тәркіленді. Сонымен қатар, олардың уақытша тұрған жерінен тағы 4 пакет есірткі табылып алынды.

Полиция департаменті бұл іс бойынша қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын еске салды. Сондықтан кәмелетке толмағандар да заң алдында жауапқа тартылады. Операция барысында қала тұрғыны да ұсталды. Оның қолынан 37 пакет есірткі табылды. 

Полиция ата-аналарды балаларын бақылауды күшейтіп, жасөспірімдерді есірткіге тартпау үшін алдын алу шараларын күшейтуді ұсынуда.




Фото: polisia.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу