"500 грамнан аса синтетика тәркіленді". ШҚО-да есірткі таратып жүрген адам ұсталды
ШҚО-да есірткі таратып жүрген адам ұсталды.
Есірткі заттарын таратқан қойып кетуші жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұсталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
32 жастағы ер адамның Алматы облысының тұрғыны екені анықталды. Тінту барысында одан ұнтақ және түйіршік түріндегі заты бар 7 полимерлі пакет тәркіленді, олар сараптама қорытындысына сәйкес "мефедрон" - 358,17 грамм және "альфа-pvp" - 179,77 грамм психотроптық заттары.
Сонымен қатар, ұсталған адамнан қаптамаға арналған құрылғылар: электрондық таразылар, пакеттер және т.б. тәркіленді.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.