KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да бірнеше дәріханада есірткілік заттарды сатқаны анықталды

8.12.2021, 12:26 182

29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында есірткі құралдарының заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік заттарды рецептісіз жіберу, сондай-ақ осындай заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактілеріне ерекше назар аударылды.  

Осы заттарды өз қызметінде пайдаланатын 19 дәріхана, 12 емдеу мекемесі, 7 кәсіпорын мен ұйым тексерілді. Тексеру барысында ҚР ҚК-нің 303-бабында көзделген құрамында есірткі құралдары бар препараттардың айналымы ережелерін бұзуға жол берген медицина қызметкерлеріне қатысты 3 қылмыс, сондай-ақ Семей қаласының дәріханаларының бірінің фармацевті дәрілік препаратты рецептісіз босатудан көрінетін «фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар айналымы саласының ережелерін бұзу» ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша 1 құқық бұзушылық анықталды.

Қазіргі уақытта материал ШҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу