KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Дәріханалардың бірінде есірткі сатып жүрген фармацефт ұсталды – ШҚО

19.08.2021, 09:58 169

3 тамыз күні ШҚО Полиция департаментіне есірткіге тәуелді және кәмелетке толмағандарға «трамадол», «тропикамед» препараттары рецептісіз сатылып жатқан Новаторов көшесіндегі дәріханалардың біріне қатысты шаралар қабылдау туралы ұжымдық арыз келіп түсті.

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аталған өтінішті тексеру мақсатында «дәрі сатып алушы" ретінде кейіп танытып, аталған дәріхана дәрігерінен бақылау мақсатында рецептісіз "тропикамед" препаратын 1200 теңгеге сатып алады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 48 жастағы фармацефт ұсталды, одан 11 дана «тропикамед» препараты тәркіленіп, «Трамадол» препаратының 2 данасы, сондай-ақ жалған «сатып алушыдан» өтем үшін алынған 1500 теңге сомасындағы қаражат алынды.

- Жиналған материал ҚР ӘҚБК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының ережелерін бұзу) бойынша дәріхана иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ШҚО медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаментіне жолданды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

2021 жылдың басынан ШҚО ПД ЕҚБ қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша (фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу) 5 фактіні анықтады, жасалған материалдар әкімшілік хаттамалар жасау үшін ШҚО Медициналық фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне жолданды.

Барлығы 1.805.700 теңге сомасына айыппұл салынды. ҚР ҚК 426-бабының 2-бөлігі бойынша дәріханаларды қайта тартқан кезде сот шешімі бойынша қызметін тоқтата отырып, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу