KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 3 м/с, З
503.44 593.35 6.55

Өскемен – Алтай пойызы жазғы кестеге көшеді

28.04.2025, 13:00 422 Ержан Әбіш

Өскемендегі жазғы маусымның басталуына байланысты пойыз қозғалысының кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 26 сәуірден бастап №641/642 Өскемен-1 – Алтай пойызы жазғы кесте бойынша қатынайды.

Пойыз апта сайын сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері жүретін болады. Өскемен-1 станциясынан таңғы сағат 7:00-де аттанып, Алтай станциясына 13:50-де жетеді. Сол күні пойыз Алтай станциясынан 14:40-та кері жолға шығып, Өскемен-1 станциясына 21:40-та келеді.

 

 Фото: instagram.com/transportvko

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу