22 мамырдан бастап Өскеменде пойыздардың кестесі өзгереді
Жаз маусымының басталуына орай облыс аумағындағы поезд бағыттарының кестесі өзгерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аймақта жолаушылар тасымалы қызметін атқаратын "Solux экспресс" ЖШС мәліметіне сүйенсек, поездар жаңа кесте бойынша 22 мамырдан бастап жүретін болады.
Өскемен-1 – Риддер поезды сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері Өскемен 1 станциясынан сағат 17.30-да жөнелтіледі. Риддерге сағат 20.39-да жетеді.
Ал дүйсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері Риддер станциясынан таңғы сағат 6.30-да жөнелтіліп, Өскемен 1 станциясына 9.45-те келіп тоқтайды.
Өскемен-1 - Зыряновск поезды сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері Өскемен 1 станциясынан таңғы сағат 7.05-те шығып, Алтай қаласына 13.40-та жетеді. Дәл сол күндері Зыряновск станциясынан Өскемен бағытына қарай жүретін поезд 14.40-та аттанады. Өскемен 1 станциясына 21.20-да келіп тоқтайды.
7,8,9 мамыр күндері және 8 шілде мен 30 тамызда қосымша поездар жүретін болады.