KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Өскемен - Нұр-Сұлтан пойызы Шар арқылы жүретін болды

4.04.2019, 07:56 246

 

Шығыс жұртшылығы шыр айналмай, Шармен жүретін болды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның мәлімдеуіне сәйкес, 2019 жылдың 22 мамырынан бастап «Астана-Нұрлы Жол-Риддер» бағытындағы №375/376 жолаушылар пойызы Семей–Шар–Өскемен теміржол учаскесі арқылы қатынайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Жолаушылардың көптеген наразы үндеуін ескере отырып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетімен және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп осындай шешім қабылдады.

 

Сондай-ақ Семейден Локотьқа немесе Өскеменнен Шемонайхаға баратын жолаушылар да далада қалмайды.  Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі оларды автокөлікпен тасымалдау жағын қарастырып жатыр.

 

Енді елордаға баратын жолаушылар бақандай бес сағат уақыт үнемдейді екен.  Пойыз шекарадағы тексеру пункттерінде ұзақ уақыт аялдамайды. Сонымен жалпы жол жүру уақыты – 23 сағат 23 минут.

 

Жаңа кестеге сәйкес пойыз Астана-Нұрлы жол станциясынан 19:30-да шығады. Риддер станциясына 18:07-де жетеді.

 

Ал Риддерден сағат 21:55-те шығып, Астана-Нұрлы жол станциясына 20:43-те жетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу